Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 26. 11. 2019 жылғы «Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің диспансерлік бөлімін қалалық емханалардың құрамына біріктірілуі туралы» №750 бұйрығына сәйкес, туберкулезге қарсы атқарылатын диспансерлік жұмыстардың ұйымдастыру,
туберкулезді ерте анықтау, емдеу жұмыстары сапасын арттыру мақсатында қала медициналық санитарлы - амбулаториялық көмегі бар ұйымдарда медициналық қызметкерлері арасында 2020 жылдын 25 - 28 ақпан аралығында «семинар - кенес» өткізілді.
Семинарда Республикалық, облыстық туберкулез аурушандылық, өлім - жітілік, таралу көрсеткіштеріне салыстырмалы түрте тоқталып, емхана қызметкерлері міндеттері, емнің жаңа тәсілдері (ВНЛ), туберкулезге қарсы қолданып жатқан жаңа дәрілер жайында №1, «Алексей Султан - Ахмет», №3, №4, №5, №6, «Темір жол», «Сенім», «Достар мед» емханаларында облыстық фтизиопульмонология орталығы мамандары Ұ. Сариева, Б. Әбішева, К. Тобағабылова, М. Шарипова, Г. Мустафаева, Б. Рахимов өз баяндамаларын жасады. Мекеме қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға мамандармен жауап берілді.
