"Денсаулық үшін маңызды" айдары
Салауатты өмір салты-туберкулезден қорғанудың ең сенімді жолы!
Туберкулез-тек медициналық мәселе емес, бұл өмір салтына байланысты ауру.
Біздің ағзамыздың қорғаныс күші-өзіміздің күнделікті әдеттерімізге тікелей байланысты.
Дұрыс тамақтану-мықты иммунитеттің кілті.
Рационыңызда көкөністер мен жемістер, ет пен сүт өнімдері жеткілікті болсын.
Ағзаға дәрумендер мен ақуыз қажет-олар аурумен күресуге көмектеседі.
Темекі мен алкогольден бас тарту-өкпеңізге жасаған ең үлкен қамқорлық.
Темекі түтіні өкпенің қорғаныс қабілетін әлсіретеді, ал алкоголь ағзаны уландырып, инфекцияға жол ашады.
Толыққанды ұйқы мен тынығу-денсаулықтың тірегі.
Ұйқы кезінде ағза жасушалары қалпына келеді, жүйке жүйесі тынығады, ал иммунитет күшейеді.
Күн сайын таза ауада серуендеу, дене белсенділігі және позитивті көңіл-күй де маңызды.
Есіңізде болсын:
Денің сау болса-өмірің қуанышқа толы!
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз-салауатты өмір салтын таңдаңыз!

