КӨҢІЛ АЙТУ
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Облыстық фтизиопульмонология орталығының ұжымы денсаулық саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, адам жанының арашасы болған ардагеріміз Байманова Айымкүл Молдасейітқызының қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.
2025 жылдың 31-ші қазанында аяулы әріптесіміз, көпшіліктің құрметіне бөленген азаматша, Қызылорда облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде көптеген жылдар бойы дәрігер фтизиатр және бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған Айымкүл Молдасейітқызы Байманова дүниеден озды.
Айымкүл Молдасейітқызы Байманова 1947 жылы туылған. 1969 жылы Қармақшы ауданындағы №105 орта мектептің 11-ші сыныбын бітірді. 1970-1976 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институттың «емдеу ісі» факультетінде оқып, аяқтады. 1976 ж облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде интернатурадан өтіп, одан соң №2 ӨТБ бөлімшесінде дәрігер ординатор болып қызмет атқарды. 1978 жылы бастап диспансерлік бөлімде (бөлімше меңгерушісі А.А.Эпштейн) қаланың ең қиын №4 аймақта аймақтық фтизитар дәрігер болып жұмыс істеді. Ол кезде Қызылорда қаласында фтизиатриялық 4 аймақ болатын. Ол қаланың Титов, Гагарин,Шанхай, Коммунизм бөліктерін қамтыған аймақта екі аяжанмен 15 жыл қызмет атқарды.
Білімін ұдайы жетілдіріп, жоғары дәрежелі дәрігер-фтизиатр болды. 2000 жылдан бастап облыстық туберкулезге қарсы ауруханаға ауысып, №1 өкпе бөлімшесінде меңгеруші қызметін атқарды. Кейін №4 өкпе бөлімшесінде жұмыс істеді. 2002-2004 жылдары 30 орындық тәртіп бұзушыларға арналған бөлімшеде еңбек етті. 2005 жылдан бастап №3 өкпе бөлімшесінде меңгерушісі болды. Бұл бөлімше 70 орындық,қарқынды емдеу палатасы бар бөлімше еді. Зейнетке шыққасын да 10 жыл дәрігерлік қызметін жалғастырды. Еңбегі еленіп «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Көптеген мақтау қағаздары бар. Ол облыс фтизиатрия саласында 40 жыл абыройлы еңбек етті.
Айымкүл Молдасейітқызы өз жұмысының үздігі, тәжірибелі ұстаз , әрдайым жас дәрігерлерді қамқорлай отырып, денсаулық сақтау жүйесі үшін жас мамандырды даярлауда еңбегі зор. Біз үшін үнемі өзін-өзі жетілдіріп, кәсіби мүмкіндіктерін молайтып, жаңа кәсіби технологиялар мен оқыту әдістерін үздіксіз үйреткен дәрігер фтизиатр, ардагер апамыздың жүрген жолы мәңгі есімізде болады.

