Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 22.01.2025жылғы №29 бірлескен бұйрығында көрсетілген кестеге сәйкес туберкулездің ұлттық программасының орындалуының 7 айлық қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 14 -15 тамыз күндері «Сенім» ЖШС емханасына МжБ тобы, құрамында топ жетекшісі Г.Рахманбердиева, координатор А.Арыкбаева қатысуымен мониторинг жасалды.
Мониторинг барысында:
- Емхана аймақтарының туберкулездің алдын алу, анықтау және диагностикалау, емдеу бойынша жүргізілген жұмыстары қаралды;
- аймақтық дәрігерлер мен мейіргерлерге, тікелей бақыланатын емге жауапты мейіргерлер, кешенді медициналық ақпараттық жүйе жұмыстары бойынша әдістемелік көмек көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді;
- Бірлескен бұйрыққа сәйкес аймақтық дәрігерлер мен мейіргерлерге семинар оқумен қамтылып, мамандарға тест нұсқасында аттестация жүргізілді.
